БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

БЖЗҚ-данзейнетақыжинақтарынкестебойынша төлеу: қалай есептеледіжәне қайда жүгіну керек

 

  • КестебойыншаБЖЗҚ-данзейнетақыжинақтарын алуға кімдер құқылы?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойыншаміндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарғаай сайын зейнетақы төлемдері жасалады:

- зейнет жасына жеткендерге (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап жыл сайын 6 айға ұзарып, 2031 жылы 63 жас болады));

- 55 жасқа жеткендедерге (кәсіптері уәкілеттімемлекеттікорганбекіткенөндірістердің,жұмыстардың,жұмыскерлеркәсіптерініңтізбесіндекөзделгенеңбекжағдайларызияндыжұмыстардаеңбекқызметітоқтатылғанжағдайда, зейнетақытөлемінежүгінгенкездежиынтығындакемінде84күнтізбелікайМКЗЖтөленген болса);

-мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға,

БЖЗҚ-дан төлемдер ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

  • Кестебойыншатөлемдерқалайесептеледі?

 

Кестебойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ғаөседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге).

            Белгілібірсанаттағытөем алушыларүшін: мерзімсізбелгіленген 1 немесе 2 топтағымүгедектігі бар, сондай-ақзияндыжәнеқауіптіөндірістердежұмысістеген, жинақтарыжиынтығындакеміндеалпыс ай міндеттікәсіптікзейнетақыжарналарыесебіненқалыптастырылғанадамдарүшінӘдістемеде ай сайынғызейнетақытөлемініңмөлшерінарттыратынтүзетукоэффициенттерікөзделген. Бұлшарттардыңбіреуіненастамынқанағаттандыратынтұлғаларүшінеңжоғарымәні бар түзетукоэффициентіқолданылады.

55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:

- зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;

- түзету коэффициенттері қолданылмайды;

- кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады.

 

  • Зейнет жасына жетуге байланысты БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну керек?

 

Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күніөтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

  • Зейнетақы төлемдерін уақтылы ресімдеу қажеттілігі туралы алдын ала ескерту жасала ма?

Телефон нөмірлеріеgovмобильдіазаматтарбазасындатіркелгенболашақзейнеткерлерге (әлеуеттіалушыларға) 1414 нөмірінензейнеткерлікжасқатолғанғадейін 2 ай бұрынegov.kz сайтындағы құжаттартізбесінесілтемежасайотырып, зейнетақытөлемдерінтағайындаужөніндегіқызметтердіалуүшінМемлекеттіккорпорацияныңжақынмаңдағыбөлімшесінеуақтылыжүгінумүмкіндігітуралы SMS-хабарламажіберіледі. Яғнимемлекеттікоргандарзейнетақытөлемдерінбелгіленгенмерзімдересімдеуүшінтиістіхабарламаларжібереді, өйткеніөткізіпалғанкезеңүшінтөлемдертағайындалмайды.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражатыесебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды.

 

  • Мерзімсіз 1немесе2топтағымүгедектіктіңбелгіленуінебайланыстызейнетақыжинақтарыналу үшін қайдажүгінуге болады?

Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе сайттағы (enpf.kz)жеке кабинет арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасындажүгіну қажет.

          БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді үйден шықпай, қашықтан алу мүмкіндігінің бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады.

 

  • БЖЗҚ-дан зейнетақытөлемдерінресімдеуүшінқажет құжаттартізбесіменқайдантанысуғаболады?

enpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақытөлемдері" бөліміндезейнетақытөлемдерініңтүрінежәнеоларды беру тәсілінебайланыстықажеттіқұжаттардыңтізбесі, олардыресімдеугеқойылатынталаптар, өтінішбланкілеріжәнеолардытолтыруүлгілері, сенімхатүлгісіорналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақытөлемдерінежіберілетінқұжаттардыалдын ала тексерумүмкіндігі бар ("төлеугеарналғанқұжаттардыалдын ала тексеру" сервисініңатауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php).