Құрметті салық төлеушілер, Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды

Құрметті салық төлеушілер, Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасы келесіні хабарлайды

Көлік құралдары бойынша салықтың дұрыс есептелмеуіне және оларды жедел түзетуге әкеп соққан қате мәліметтер аңықталған кезде түзету серсвисі әзерленді. Ол онлайн режимде түзетуге, оның ішінде көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, көлік құралын иеліктен шығаруға байланысты Дерекқордан алып тастауға және т.б. өтініш беруге мүмкіндік береді.   

Бұл сервисті «e-Salyq» мобилді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалануға болады, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.

Өтінішті негізгі 4 санат бойынша беруге болады:

1) «КҚ маған тиесілі емес» - деректер базасында иесіне тиесілі емес көлік құралы болған жағдайда.

2) «КҚ туралы мәліметтерді түзету» - көлік құралының сипаттамалары дұрыс болмаған жағдайда, оның ішінде көлік құралының дұрыс емес санаты, қозғалтқыш көлемі, мемлекеттік нөмірі, Тіркелген күні және т.б.

3) «КҚ деректер базасында жоқ» - базасында іздестірудегі көлік құралы болған жағдайда.

4) «айдап әкетудегі КҚ» - деректер базасында іздестірудегі көлік құралы болған жағдайда.

 «eSalyq» мобильдік қосымшасында тіркеу және түзету сервисін пайдалану жөніндегі Нұсқаулық қоса беруледі.