Салық төлеушілердің назарына!

Салық төлеушілердің назарына!

«E-Salyq mobile» мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау мүмкіндігі іске асырылды.

 

Артықшылықтары:

 

- Кезекте күтуге кететін уақыт шығындары алынып тасталады.

 

- Коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары  болған  жағдайда қызмет алушылардың ағынын реттеуге мүмкіндік береді.

 

Онлайн брондау «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасының «электрондық  қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында қолжетімді.

 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында салық төлеушілер мен сыртқы  экономикалық  қызметке  қатысушылардан  кері байланыс алу үшін «сауалнамалар»  бөлімінде онлайн сауалнама іске  асырылды.

 

Мақсаты: Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына қызмет  алушылардың  қанағаттану деңгейін анықтау.

 

Сауалнама қызмет алушыларға мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету, қызмет алушыларға мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы және басқа да мәселелер бойынша қызмет көрсету сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

 

Сауалнама нәтижелері комитет порталында орналастырылатын болады.