
Бүгін «Рудный қаласыәкімінің аппараты» ММ басшысы Э.М.Мұханов Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу талаптарын түсіндіру мақсатында «ССКӨБ» АҚ қала құраушы кәсіп орнының жас мамандарымен кездесті. Шараға 40-қа жуық қызметкер қатысты.
Әкім аппаратының басшысы Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеудің басталуы, ерекшеліктері мен биылғы іріктеу кезеңдері туралы айтып берді. Ол өткен іріктеулердің тәжірибесі жастар арасында ПҚҚР-дың танымалдығының жоғары қарқынын көрсететінін және мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа таланты кадрларды тартудың маңыздылығын атап өтті.