Ауылшаруашылығы жануарларының импорты

Ауылшаруашылығы жануарларының импорты

«Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Рудный қалалық аумақтық инспекциясы» (әрі қарай – Инспекция) Қазақстан Республикасына сырттан ірі қара мал әкелуге мүдделі Рудный қаласы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға хабарлайды; 2020 жылдың 26 тамызында  Вице-министр Г.С.Исаеваның төрағалығымен өткен  мәжіліс хаттамасындағы 2 тармағы, 2.1 тармақшасына сәйкесКомитетке асыл тұқымды ірі қара малдың импортна рұқсат берген кезде асыл тұқымды малдардың куәлік көшірмесін немесе соған баламалы құжатты оның үлгісін растау үшін Республикалық палаталарға  жіберуді тапсырды.

Осыған орай асыл тұқымды ірі қара малдың импортына рұқсат алуға өтініш берген кезде асыл тұқымды малдардың куәлік көшірмесін немесе соған баламалы құжатты оның үлгісін растау үшін Инспекцияға қоса ұсыну қажет.