Әкімнің мектеп түлектеріне құттықтау сөзі!

Әкімнің мектеп түлектеріне құттықтау сөзі!

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Қымбатты түлектер!

Бүгін қаладағы барлық мектептерде соңғы қоңырау ерекше соғылуда.

– Соңғы қоңырау – бақытты және уайымсыз балалық шақтың аяқталуы, жаңа ересек өмірдің басталуының символы.

Сіздерді оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір ата-ана мен ұстаз баласының өмірден өз орнын тауып, бақытты болуы үшін барын салады.

Бүгінгі мерекеде жас түлектерге білім беріп, өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік негіздерін қалыптастыруда адал да, жемісті еңбектері үшін барша ұстаздарға ерекше алғысымды білдіремін.

 

Қымбатты түлектер!

Сіздер орта мектепті тәмәмдап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар. Қадам басып отырған жаңа өмір жолында сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын. Алған білімдеріңіз бен барлық күш- жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенемін.

Баршаңызға сәт сапар, ақ жол тілеймін!