Ораза айт құтты болсын!

Ораза айт құтты болсын!

Құрметті Горняцк кенті мен Перцев аулының тұрғындары!

Сіздерді мұсылмандардың ұлық мерекесі – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда,  жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәтте сіздерге, отбасыларыңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Алла Тағала келесі рамазанға аман есен жетуімізді нәсіп етсін. Елімізді табиғи апаттардан сақтасын, сынақты сәттерді бастан кешіп жатқан жерлестерімізге Жаратқан Иеміз жар болғай.