
2025 жылғы 10 желтоқсанда Перцев негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің № 826 Жарлығын орындау шеңберінде Горняцк кенті әкімі З.А. Әбілевтің Перцев ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуге: «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ю.В. Итемгенов., Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Рудный қаласының ветеринариялық станциясы» КМК басшысы А.С. Молдағалиев, «Рудный су арнасы» ЖШС директоры Ғ.А. Жүбікенов, Қостанай АЭЖ «ЭПК-forfait» ЖШС бастығы А.А. Тлеуов, сондай-ақ ауыл тұрғындары.
Әкім З.А. Әбілев 2025 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есеп беріп, тұрғындарды алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы хабардар етті. Халықтың барлық сұрақтары қаралып, тиісті жауаптар берілді.