«Балалар мен жасөспірімдердің даму және шығармашылық сарайында» республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала мектептерінің оқушыларына арналған сабақтар өтті

«Балалар мен жасөспірімдердің даму және шығармашылық сарайында» республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала мектептерінің оқушыларына арналған сабақтар өтті

2025 жылғы 13 маусымда «Балалар мен жасөспірімдердің даму және шығармашылық сарайында» республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала мектептерінің оқушыларына арналған сабақтар өтті. Бұл балалар жазғы мектеп жанындағы алаңдарға қатысады.

Сабақ барысында балалар туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарау, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау тақырыбында эскиздер дайындап, бейнелеу өнерінің жаңа техникасын меңгерді. Сабақтардан кейін «витраж» техникасымен орындалған ұжымдық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды.

Жазғы көркемсурет алаңының жетекшісі Саратовцева Н.Н. балаларға Жеріміздің барлық ресурстарына саналы түрде қарау, табиғатты сүю және қорғау – болашақ ұрпақ үшін бүгіннен бастап біздің әлемімізді сақтау үшін өте маңызды екенін айтып өтті.