2025 жылғы 6 мамырда, Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, оны Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы М.С. Жутаев өткізді.
Күн тәртібінде мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 "Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Мәселе бойынша "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Д. Керибаева баяндама жасады.
Шешім жобасы ҚР Су кодексінің ережелеріне сәйкес әзірленді және Тобыл және Торғай өзендерінің бассейндері үшін бекітілген базалық ставкалардан бастап инфляциялық коэффициенттерді ескере отырып, төлем ставкаларын қайта есептеуді қамтиды.
Бұл сұрақ Қостанай облыстық мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы тұрақты комиссияларының отырыстарында М.С. Жутаевтың төрағалығымен алдын ала талқыланды.