2025 жылғы 4 мамырда облыста «Senat Open» шахматтан II ашық Кубоктың іріктеу туры басталды.
Бұл турнирді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қамқорлығымен Қазақстан шахмат федерациясы облыс мәслихаттарымен бірлесіп екінші жыл қатарынан ұйымдастырады.
Басты мақсат – республика өңірлерінде шахматты насихаттау және дамыту.
Жарыс 3 кезеңде өтеді: іріктеу, жартылай финал және финал.
Бүгінгі іріктеу кезеңіне облыстың қалалары мен аудандарының мемлекеттік қызметшілері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 105 қатысушы.
Турдың қорытындысы бойынша жартылай финалға 35 адам шықты, олар алдағы уақытта финал үшін жарысты жалғастырады.
Қатысушыларымызға турнирдің келесі кезеңдерінде табыс тілейміз!