Қостанай қаласында, 2025 жылғы 24 сәуірде Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының бастамасымен алғаш рет ҚР Парламенті Сенаты аппараты өкілінің қатысуымен облыстар мәслихаттары аппараттарының өкілдері үшін облысаралық семинар өткізілді.

Қостанай қаласында, 2025 жылғы 24 сәуірде Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының бастамасымен алғаш рет ҚР Парламенті Сенаты аппараты өкілінің қатысуымен облыстар мәслихаттары аппараттарының өкілдері үшін облысаралық семинар өткізілді.

Қостанай қаласында, 2025 жылғы 24 сәуірде Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының бастамасымен алғаш рет ҚР Парламенті Сенаты аппараты өкілінің қатысуымен облыстар мәслихаттары аппараттарының өкілдері үшін облысаралық семинар өткізілді. Семинар тақырыбы: "Мәслихат аппараттарының қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері туралы: тәжірибе алмасу және жұмыс тиімділігін арттыру жолдары. Мәслихаттар аппараттары мен ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының өзара іс-қимылы жұмыс сапасын арттыру тетігі ретінде".
Семинардың модераторы Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Қарлығаш Қоңысбайқызы Төлегенова болды.
Аппарат басшысы Қарлығаш Қоңысбайқызы атап өткендей, Сенат Аппараты мен облыс мәслихаттарының аппараттарын ынтымақтастық үшін біріктірген осындай ауқымды семинар 30 жылда алғаш рет өткізілуде. Ол мәслихат аппараттарының негізгі міндеті - мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етілуі, сондай-ақ депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету екенін атап өтті. - Жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, біздің ведомстволарымызда тік басқару тізбегі жоқ, бұл сәйкесінше өзара әрекеттесу және заңнаманы біркелкі қолдануды дамыту үдерісін қиындатады, бұл жұмыстың тиімділігіне әсер етеді. Мұндай диалог алаңдарын біз жұмысымыздың сапасын арттыру тетіктерін әзірлеу үшін пайдалана аламыз, – деді ол.
Семинарға дәріскер ретінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент басшысы Е.А. Салықбаев, Қостанай облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Ж. Сюндиков қатысты. Шақырылған қонақ ретінде алтыншы және жетінші шақырылымдардың депутаты, Қостанай облысы әкімінің отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Г.А. Капенова сөз сөйледі.
Семинарға барлық облыстардың мәслихаттар аппараттарының өкілдері және ҚР Парламенті Сенатының өкілі, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі Хабибулла Моллаканағатұлы келді.
Семинар барысында мәслихат аппараттарының жұмысын жетілдіру бойынша өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Павлодар облыстық мәслихаты аппаратының басшысы А.Ш. Қусаинова сөз сөйлеп, Павлодар облысындағы жұмыс тәжірибесі туралы айтты.
Қостанай облысының аудандары мен қалаларының өкілдері жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтып, тәжірибелерімен бөлісті.
Хабибулла Моллақанағатұлы өз сөзінде мәслихаттар аппараттары мен ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының өзара іс-қимылы жөніндегі ұсыныстарды қолдап, осы бағыттың даму векторын белгіледі. Ол мұндай тәжірибе қолданыстағы заңнаманы біркелкі қолдану үшін, сондай – ақ мәслихаттарды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру үшін маңызды екенін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының аппараттары арасындағы 2025-2030 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Жиыннан кейін облыс өкілдері Қостанай қаласының индустриалды нысандарымен, Ыбырай Алтынсарин кесенесіне экскурсиямен барды.