2025 жылғы 18 сәуірде С.Е. Ещановтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 18 сәуірде С.Е. Ещановтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 18 сәуірде С.Е. Ещановтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия шеңберінде мәслихаттың жер пайдалануы мен ұйымдастырушылық құрылымына қатысты мәселелер қаралып, бекітілді.

Қабылданған шешімдердің бірі Қазақстан Республикасының Экология мәселелері жөніндегі Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты мәслихаттың бірқатар нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану болды.

Сондай-ақ депутаттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жаңа шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы бірлескен ұсынысты қолдады. Өзгерістер ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес әзірленді және тиімді жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдауға бағытталған. Барлық ұсыныстар аудандық деңгейде қоғамдық кеңестердің, депутаттар мен агроөнеркәсіптік кешен өкілдерінің қатысуымен талқыланып, ескертусіз келісілді.

Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі сараптама комиссиясының құрамы, және тұрақты комиссиялардың құрылымы мен сандық құрамы мәселелері бойынша мәслихаттың бұрын қолданыста болған шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Айта кету керек, бұл мәселелер 2025 жылғы 17 сәуірде С.Ш. Манасбаевтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында алдын ала қаралған болатын.