Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы
1 желтоқсанда ZOOM форматында жоспарлы отырыс өтті. Комиссия мүшелері, әкімдік басқармаларының және облыстық мәслихат аппаратының өкілдері қатысты. М.С.Жутаевтың төрағалығымен қалалық орта мен мәдени-спорттық және шығармашылық бастамаларды дамытудың негізгі аспектілері талқыланды.
Отырыстың тақырыптарына: қоғамдық көлік және велосипед инфрақұрылымы мәселелері, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты дамыту, сондай-ақ мәдени, шығармашылық және спорттық демалыс мәселелері кірді. Баяндамашылар облыстың қалалары мен аудандарында мәдени және спорттық бастамаларды жақсарту бойынша жоспарлар мен міндеттерді ұсынды
Отырыста ұсынылған мәселелер белсенді талқыланды, сондай-ақ аталған салалардағы жағдайды жақсарту бойынша одан әрі іс-қимыл жасау үшін міндеттер тұжырымдалды.