Бүгін С.Ш.Манасбаевтың басшылығымен ZOOM форматында Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде - 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарын іске асыру.
Отырыс барысында Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Е.Г.Клопова 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарын ұйымдастыру және орындау туралы егжей-тегжейлі есеп ұсынды.
2021-2023 жылдары 12 мың гектарға отырғызу жоспарланған, бұл 69,5 миллион ағашты құрайды. Қазіргі уақытта нақты орындалуы 6,3 мың гектар немесе 40,1 миллион ағаш, бұл 57,7% құрайды. Ағымдағы жылы отырғызу жоспары 40,4 миллион көшетті құрайды және қазіргі уақытта 45,1% орындалды, бұл 18,2 миллион көшетке тең.
Комиссия мүшелері аймақтағы ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелерін белсенді талқылады. Қоршаған кеңістікті дамыту бойынша жұмыс жалғасады.