"Қазақстан халқы" қорының қайырымдылық жобалары талқыланды

"Қазақстан халқы" қорының қайырымдылық жобалары талқыланды

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Т.Б.Булгацевич, Г.К.Есеева, Қ.С.Жаңбыршина, М.С.Жутаев, С.Ш.Манасбаев, Д.К.Өтебаева денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы мәселелерді шешу үшін "Қазақстан халқы" қоғамдық-әлеуметтік қорының дөңгелек үстеліне қатысты.

Кездесуге өңірлік басқармалардың басшылары, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, алушылар мен БАҚ қатысты.

Іс-шара аясында қордың қайырымдылық жобалары және өңір басшылығымен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Бүгінгі таңда "Қазақстан халқына" қоры денсаулық сақтау, білім беру, спорт және әлеуметтік қолдауды қамтитын төрт бағыт бойынша жұмыс істейді.

Кездесу барысында "Қазақстан халқына" басқарушы директоры София Айсағалиева қордың қайырымдылық бастамалары, Қостанай облысында іске асырылған және жоспарланған қайырымдылық жобалары туралы айтып берді.

Бекітілген қайырымдылық жобаларының жалпы құны 146,5 млрд теңгеден асады, қазақстандықтарға жалпы сомасы 49 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мәселен, денсаулық сақтау саласында ауыр орфандық аурулары бар 324 қазақстандық жалпы сомасы 24,9 млрд теңгеден астам қымбат дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. 36 дәрі-дәрмек сатып алынды, оның жетеуі ҚР-да алғаш рет сатып алынды.

Қостанай облысында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 16 қайырымдылық жобалар мен бағдарламалар іске асырылуда, оның ішінде 3,2 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді, 1,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда, - деп атап өтті София Айсағалиева.

Қор өкілдері өңірдің ерекшелігін ескере отырып, Қостанай облысы үшін нақты кешенді бағдарлама құру үшін жобаларды одан әрі дамытуды егжей-тегжейлі талқылауды ұсынды