
2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығындағы Қостанай облыстық мәслихатының апта сайынғы жаңалықтар дайджесті
2023 жылғы 12-13 қыркүйекте Қостанай облыстық мәслихатының депутаты С.Ш. Манасбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын талқылау бойынша кездесулер өткізді.
12 қыркүйекте Жітіқара қаласында колледж студенттерімен, мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.
13 қыркүйекте Қостанай қаласының полиция басқармасында кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау бойынша кездесулер алдағы уақытта да өткізілетін болады.
2023 жылғы 14 қыркүйекте ZOOM режимінде халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, гендерлік және жастар саясаты, сондай-ақ ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қостанай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында арнайы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді талқылау болды.
2023 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облыстық мәслихатының депутаты С.Ш. Манасбаев Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңеске қатысты.
Кеңес шеңберінде студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету, олардың жайлы тұруы мен оқуы үшін жағдай жасау, жастарға арналған тоқсан сайынғы бос орындар жәрмеңкелерін өткізудің аралық қорытындылары туралы мәселелер талқыланды.
2023 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облыстық мәслихатының депутаты С.Ш. Манасбаев «AMANAT» партиясының облыстық филиалында азаматтарды қабылдады.
Азаматтар тұрғын үй беруге көмек көрсету мәселелерімен жүгінді.
Аталған мәселелер бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.
2023 жылғы 15 қыркүйекте ZOOM режимінде М.С. Жутаевтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты әлеуметтік сала және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау, оның ішінде паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту тұрғысынан мәселелер талқыланды.