Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің өткен айдағы қысқаша жаңалықтар дайджесті

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің өткен айдағы қысқаша жаңалықтар дайджесті

2023 жылғы 12 мамырда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бектұрғанов С.Ш. Қостанай өңірінің емдеу ұйымдарының бақылау кеңестерін қалыптастыру жөніндегі комиссия құрамына қатысты.

2023 жылғы 15 мамырда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бектұрғанов С.Ш. «Жайлы мектеп»Ұлттық жобасы бойынша тиісті сапалы тауар шығару бойынша жиһаз өнімдерін отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін анықтау үшін көшпелі комиссияның жұмысына қатысты.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Алтынбаева К.Ж., Булгацевич Т.Б., Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі әзірлеген 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын талқылау жөніндегі қоғамдық кеңестердің отырысына қатысты.

2023 жылғы 25 мамырда Қоғамдық кеңестің мүшесі Хаданович В. В. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс жасайтын, несие комиссияның жұмысына қатысты.

2023 жылғы 30 мамырда Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда «Қостанай облысының 2022 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы» есеп тыңдалды.