2023 жылғы 06 маусымда сағат 15-00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтеді.

2023 жылғы 06 маусымда сағат 15-00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтеді.

Отырысты жүргізеді: Серік Шотайұлы Манасбаев, бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

 

         Мәслихаттың кейбір шешімдерінің жобаларын алдын ала қарау туралы:

  1. Мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 260 «Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы.
  3. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл желектерін құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы.
  5. Мәслихаттың 2022 жылғы 3 маусымдағы №191 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы жастар Совета жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2022 жылғы 14 қазандағы №224 «Облыстық жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  7. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 332 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Қостанай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.

Анықтама үшін тел. : 8(7142) 53-44-20, 54-20-80