"Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" ММ қызметкерлерінің "мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"АҚ филиалының өкілімен кездесуі

"Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" ММ қызметкерлерінің "мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"АҚ филиалының өкілімен кездесуі

Бүгін, 2023 жылдың 16 ақпанында құқықтық жалпы оқыту шеңберінде «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ қызметкерлерінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – МӘСҚ) филиалының өкілі Ш.У.Сералиновамен кездесуі өтті.

Ш.У.Сералинова облыстық мәслихат қызметкерлерін міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері, әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды төлеу тетіктері және МӘСҚ әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабардар етті. Проактивті форматта,  сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi Bank, Halyk Bank) мобильді қосымшасы арқылы, еgov.kz, enbek.kz электрондық үкімет порталы арқылы әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізді. Әлеуметтік кодекстің негізгі нормаларын түсіндірді. Отбасының цифрлық картасын енгізу және оның жұмыс принципі, сондай-ақ аппарат қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі сұрақтарына жеке жауап берді. Сондай – ақ, халықты жұмыспен қамту орталығында немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда жұмысынан айырылу бойынша төлем туралы штатты қысқарту бойынша мысалдарды талдады.

Тараптар ақпарат алмасу және консультациялар алу мүмкіндігі туралы келісімге келді.