Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫСЫ

Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫСЫ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және "барлық мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 105 Жарлығы негізінде "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын.
  2. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімі 2023 жылғы 20 қаңтардан бастап және 2023 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағатқа дейін белгіленсін.
  3. Партиялық тізімдерді, кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде белгіленсін.
  4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, республика астанасының, қалалардың, аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Астана қаласы,

2023 жылғы 20 қаңтар,

№ 18/669