Құрметті судьялар және Сот Аппаратының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Судья және сот қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті судьялар және Сот Аппаратының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Судья және сот қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде алғаш рет судья мен сот қызметкерлері күні тойлануда. Тәуелсіздік жылдарында сот-құқықтық реформа жүзеге асырылды, оның басты жетістігі сот төрелігі болды.  Осы жылдар ішінде құрылған заңнамалық база судьяның қоғамдық мәртебесіне, оның әлеуметтік мақсатына деген ескі көзқарастарды түбегейлі өзгертті.

Сот жұмысының сапасы, оның әділдігі мен ашықтығы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының басты факторы болып қалмақ.

Сіздердің адал еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңізбен  жинақталған тәжірибе әрқашан құқық үстемдігін қамтамасыз етудің сенімді кепілі болады деп сенемін.

Осы айтулы күні сот жүйесінің ардагерлерін, сот қызметкерлерін адал еңбегі мен сот жүйесінің дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесі үшін ризашылығымды білдіремін.

Мереке күні сіздерге  мықты денсаулық, жақындарыңызға  амандық тілеймін. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болып, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!