Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру

Қостанай облыстық мәслихаты:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы  2,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-НҚ өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.

Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Пошталық мекенжай: «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ, Қостанай қаласы, әль-Фараби даңғылы, №66-үй, №509-каб., жұмыс телефондары: 8(7142) 575600, 575603, 575605, 534420.

Электрондық поштаның мекенжайы: oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz;    575601@mail.ru;    oblsov2016@yandex.ru

Жұмыс тәртібі: «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ сағат                09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін,  сенбі, жексенбі демалыс күндер.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 11 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

Үлгілік ереженің 7-тармағында мыналар белгіленген:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жолдайды:

1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына *сәйкес форма бойынша Жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы; ;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

 

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:

  • 2021 жылғы 20 желтоқсанда бірінші отырыс
  • 2022 жылғы 20 қаңтарда екінші отырыс

Отырыс Қостанай қаласы, әль-Фараби даңғылы, №66-үй, №509-каб. өткізіледі, жұмыс телефондары 575600, 575605.

Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.

                                                                                                      * Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ережеге 1-қосымша

Форма

 Кімге: Қостанай облыстық мәслихаты
(республикалық деңгейдегі мемлекеттік

органның атауы немесе жергілікті

 өкілді органның атауы)

______________________________
_________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігі №____, берілді (қашан, қайдан))
___________ тұратын.
(елдімекен, көше, үй, пәтер)

                               

Өтініш

       Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      ______________________________________________

       Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды ұсынамын:

      1) _________________________________________________________________

      2) _________________________________________________________________

      3) _________________________________________________________________

      4) _________________________________________________________________

      5) _________________________________________________________________

      6) _________________________________________________________________

      7) _________________________________________________________________

     20___  «____»  ____________.  Өтініш берушінің қолы _______________