08.12.2021 жылғы кезектен тыс сессия туралы хабарлама

08.12.2021 жылғы кезектен тыс сессия туралы хабарлама

Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2021 жылғы 8 желтоқсанда сағат 15-00-де қашықтық режимінде өтеді. Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов сессияны жүргізеді.

         Анықтама үшін телефон нөмірлері: 87142575600, 575604.

         Күн тәртібінің жобасында мынадай мәселелер:

  1. «Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2013 жылғы 28 маусымдағы № 161 «Қостанай облысын басқару схемасын бекіту және мәслихат шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын дамытудын 2025 жылға дейін жоспарын бекіту туралы.
  4. Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 "әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы"шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

5.Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданының білім бөлімінің Н. Крупская атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі етіп қайта атау туралы.

6.Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Владимир Матвиенконың атын беру туралы.

  1. Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Өңірлік экспорттаушылар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 279 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        10.Мәслихаттың 2021 жылғы 29 қарашадағы № 122 "Қостанай қаласында 2500 көрерменге арналған Мұз сарайын салу және пайдалану "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімдерінің өзгеруі туралы"шешімінің күшін жою туралы.