2026  жылғы 13 тамызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс  сессиясын  шақыру  туралы  хабарлама

2026  жылғы 13 тамызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс  сессиясын  шақыру  туралы  хабарлама

2026  жылғы 13 тамызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс  сессиясын  шақыру  туралы  хабарлама

 

 

2026  жылғы 13 тамызда  сағат 11.00-де ZOOM режимінде Қостанай  облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.

 Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып жүргізеді:

 

Отырыстың күн тәртібі:

 

  1. Қостанай облысы бойынша «кілтті тапсыру тәсілімен» құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы.
  2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістер мен толықтыру енгізуді келісу туралы.
  3. Мәслихаттың 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 «Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
  5. Қостанай облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 193 «Қостанай облысы бойынша экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 шілдедегі № 60 «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Қостанай облысы әкімдігі жанындағы суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  8. Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 138 «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  10. Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 45 «Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі депутаттық топ құру туралы» шешімін жою туралы.
  11. Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі №17 «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының депутаттық фракциясы түрінде депутаттық бірлестікті тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  12. Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 «Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қатысу үшін өтінім мына телефон бойынша: 8(7142) 542430,  542080.    

e-mail: 575601@mail.kz.

Онлайн-көрсетілімге сілтеме:

 

Қостанай облыстық мәслихатының отырысы интернет-ресурста онлайн режимінде көрсетіледі

https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru, а также в прямом эфире на страничке маслихата фейсбук https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr.

          Архивтік жазба ресми телеграм-арнада орналастырылады https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy