Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама 2026 жылғы 12 тамызда

Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама 2026 жылғы 12 тамызда

Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама

 

2026 жылғы 12 тамызда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.

Отырысты ашады және жүргізеді: Қостанай облыстық мәслихаты бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Ш. Манасбаев.

 

Отырыстың күн тәртібі:

 

Мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілген мәслихат шешімдерінің кейбір жобаларын алдын ала қарау туралы:

  1. Қостанай облысы бойынша «кілтті тапсыру тәсілімен» құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы.
  2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістер мен толықтыру енгізуді келісу туралы.
  3. Мәслихаттың 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 «Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 шілдедегі № 60 «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Қостанай облысы әкімдігі жанындағы суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  6. Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 138 «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  8. Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 45 «Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі депутаттық топ құру туралы» шешімін жою туралы.
  9. Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі №17 «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының депутаттық фракциясы түрінде депутаттық бірлестікті тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

10. Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 «Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

 

Анықтама және қатысуға өтінімдер телефон арқылы: 8 (7142)542430, 575600.        

e-mail: 575601@mail.kz 

Онлайн-көрсетілімге сілтеме:

 

 Қостанай облыстық мәслихатының отырысы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru интернет-ресурста онлайн режимде, сондай-ақ мәслихаттың Facebook парақшасында https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr тікелей эфирде көрсетіледі.

Архивтік жазба ресми https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy телеграм-арнада орналастырылады.