
Бүгін Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары М.С. Жутаев пен Е. Д. Әлкенов Рудный – Качар және Рудный – Перцев автобус маршруттарын зерттеу аясында Рудный қаласының "Транс Авто Азия" ЖШС автобус паркіне барды.
Жұмыс сапары барысында депутаттар маршруттар бойынша жүріп, жолаушылар тасымалын ұйымдастырумен танысты, сондай-ақ "Транс Авто Азия" ЖШС директоры О.В. Насибуллинмен кездесті. Кездесу барысында тұрғындарға көліктік қызмет көрсету сапасына әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды. Маршруттардағы бар проблемаларға және оларды шешудің мүмкін жолдарына ерекше назар аударылды.
Мұндай сапарлар қоғамдық көлік жұмысының объективті бейнесін алуға, жағдайды тікелей жергілікті жерлерде бағалауға және жолаушылар тасымалын жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары барысында жиналған барлық ескертулер мен ұсыныстар Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында қаралатын болады.