
Сарыкөл орталық аудандық ауруханасының инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткіздім.
Қабылдау барысында Сарыкөл орталық аудандық ауруханасының инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.
Кездесуге Қостанай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілиясхан Шах-Сұлтанұлы Әмірбеков, Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркебұлан Сағитдинұлы Баязитов, сондай-ақ Сарыкөл аудандық ауруханасының директоры Нұрсұлтан Ермаханұлы Бексұлтан қатысты.
Қабылдау барысында кездесуге қатысушылардың барлығының пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешудің ықтимал жолдары талқыланды және алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен ашық диалог орнатуға және облыс тұрғындарының өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін қызметіміздің маңызды бағыты болып қала береді.