
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов маған Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс сөздерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының естелік данасын табыс етті.
Бұл символдық сыйлықты алу мен үшін үлкен мәртебе. Конституция біздің мемлекеттілігіміздің негізі болып табылады, ал конституциялық реформаны жүргізу ел дамуындағы маңызды кезең болды.
Мемлекет басшысына назары мен көрсеткен сенімі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл Қостанай облысы мен Қазақстан Республикасы тұрғындарының игілігі үшін одан әрі жұмыс істеуге шабыттандырады.