
Мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана кәсіби қызмет емес, қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілік. Оның басты миссиясы – мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қолайлы жағдай жасау.
Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде заңнама талаптарын ғана емес, сонымен қатар тиімді әрі жауапты мемлекеттік басқарудың негізін құрайтын жалпыға бірдей этикалық қағидаттарды басшылыққа алады.
Қазіргі мемлекеттік қызмет тиімділік, әділдік және қоғам алдындағы есептілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, құзыреттілігі және жеке жауапкершілігі мемлекеттік басқару сапасы мен азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін айқындайды.
Қоғамға қызмет ету – жоғары құзыреттілікті, адалдықты және өз ісіне деген берілгендікті талап ететін күнделікті еңбек. Сондықтан мемлекеттік қызметтің миссиясы өзгермейді: азаматтардың мүддесіне қызмет ету, заңдылықты, тұрақтылықты және мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету.