
2026 жылғы 4 маусымда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен Қостанай облыстық мәслихаты бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Шотбайұлы Манасбаевтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қостанай облысының 2025 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау болды.
Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Алма Әутенқызы Жүсіпова, Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ильясхан Шах-Султанович Амирбеков, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Анатольевич Костюков, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркебұлан Сағитдинұлы Баязитов, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі құрылыс, сәулет және құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Лидия Павловна Беленко баяндама жасады.
Отырыс барысында депутаттар бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін, сондай-ақ денсаулық сақтау және құрылыс салаларындағы мәселелерді қарады. Ұсынылған баяндамалар бойынша сұрақтар қойылып, қажетті түсініктемелер алынды.
Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар ұсынылған ақпаратты назарға алды. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мәселе Қостанай облыстық мәслихаты кезекті сессиясының қарауына шығарылатын болады.