Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – мейірімділік пен жанашырлықтың, бірлік пен татулықтың жарқын белгісі. Құрбан айт әр шаңыраққа береке, амандық, қуаныш пен рухани жылулық әкелсін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, молшылық және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әр үйде өзара сыйластық пен түсіністік салтанат құрсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы
Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов