Посмотреть эту публикацию в Instagram
2026 жылғы 12 мамырда Қостанай облыстық мәслихатында депутаттардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық кеңестің, мүдделі ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен мәслихаттың тұрақты комиссияларында жария тыңдауы өтті.
Отырысты облыстық мәслихаттың бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Ш. Манасбаев өткізді.
Тыңдау барысында “Қостанайюжэлектросервис” КМК қызметіне қатысты мәселелер қаралды, сондай-ақ отырысқа қатысушылардың баяндамалары мен пікірлері ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, одан әрі жұмыс істеу үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.