2026 жылғы 20 сәуірде Қостанай облыстық мәслихаты әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Zoom платформасы арқылы қашықтық режимінде өткізілген жоспардан тыс отырысы өтті.
Отырысты тұрақты комиссияның төрағасы С. Ш. Манасбаев ашты.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының өтінішін қарау шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарын қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Облыстық мәслихат депутаты Т.Б. Булгацевич медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға қатысты мәслихат шешімінің жобасын пысықтау нәтижелері туралы баяндады.
Сонымен қатар, отырыста дәрілік заттардың қосымша тізбесін кеңейту туралы мәселе қолдау тапты.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері шешімдердің тиісті жобаларын облыстық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне енгізуді қолдады.