Бүгін, 12 наурызда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының III республикалық форумы өтуде.

Форум мемлекеттік басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлін күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және қоғамның депутаттық корпусқа деген сенімін нығайтуға арналған. Іс-шара барысында билік пен қоғамның өзара іс-қимылы, азаматтармен ашық диалогты дамыту мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының жобасы талқыланады.
Форум жұмысына Қостанай облысының делегациясы қатысуда. Оның құрамында Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов, сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары бар.

Форум тәжірибе алмасу, өңірлік дамудың өзекті мәселелерін талқылау және азаматтардың мүддесі үшін депутаттық корпус жұмысының тиімділігін арттыру үшін маңызды алаңға айналды.