2026 жылдың 23 ақпанда, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Сергей Карплюк пен Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов Алтынсарин ауданына барып, еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Сапар аясында депутаттар «Кохана» шаруа қожалығының ұжымымен, Арақарағай орман шаруашылығының қызметкерлерімен, сондай-ақ Краснокордон жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесті. Кездесулерге Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаты Светлана Мусапирова да қатысты.
Кездесулер барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызы түсіндірілді, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылығын, орман қорғау саласын, білім беру саласын және жалпы өңірді дамытуға әсері талқыланды. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз ұсыныстарын айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Барлық кездесулер ашық және іскерлік диалог форматында өтті.