13 ақпанда Облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығының базасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған диалог алаңы өтті.
Кездесудің спикерлері облыстық мәслихат депутаттары Александра Сергазинова мен Динара Утебаева болды.
Талқылау барысында білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы адам құқықтарын қорғау мәселелеріне, сондай-ақ оларды қамтамасыз етудің институционалдық тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Үкіметтік емес сектор үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлін күшейту, адвокатураның дамуы және азаматтардың құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерін қамтамасыз ету аса маңызды.
Диалог мазмұнды әрі ашық форматта өтті. ҮЕҰ өкілдері нақты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы референдумға қатысты күтулерін жеткізді.