Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған облыстық актив өтті.

Негізгі баяндамамен облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді атап өтіп, олардың адам құқықтарын нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, билік жауапкершілігін арттыру және өкілді органдардың рөлін күшейту үшін маңызын айқындады.
Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Бектұрғанов конституциялық реформаларды өңірлік деңгейде іске асыру жөніндегі көзқарасымен бөлісіп, бұл процестерде ашық диалог пен қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Людмила Олкинян «Аллюр» зауытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, конституциялық өзгерістердің экономика дамуына, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және қызметкерлердің құқықтарын қорғауға ықпалын атап көрсетті.

Кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.