Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жүлдесіне арналған шахмат турнирі басталды.
Алғаш болып шахмат тақтасы алдына ардагерлер кеңестерінің мүшелері отырды — 12 өңірден келген 60 жастан асқан 54 қатысушы бақ сынауда.
Турнирлік сетканың басталуын білдіретін алғашқы жүріс жасау құқығы облыстық мәслихат депутаты Динара Утебаеваға берілді.
Тартысты партиялар қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған — Қарасу ауданының өкілі Алмат Момбаев. Екінші орынды Владислав Мурин, үшінші орынды Александр Новохатский иеленді (екеуі де Қарабалық ауданынан). Әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсеткен — Бейімбет Майлин ауданының шахматшысы Ружена Перетрухина.
Нәтижесінде 17 үздік ер шахматшы және 3 әйел келесі кезеңге — Сенат кубогының облыстық іріктеуіне жолдама алды. Турнир жалғасуда, алда денсаулық сақтау, білім беру, күштік құрылымдар, БАҚ өкілдері, депутаттар мен мемлекеттік қызметшілер арасында өтетін жарыстар бар.