2026 жылғы 26 наурызда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама
2026 жылғы 26 наурызда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы М.С.Жутаев ашып жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
Мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілген мәслихат шешімдерінің кейбір жобаларын алдын ала қарау туралы:
- Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 54 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қатысуға өтініш мына телефон арқылы: 8(7142) 542430, 542080.
Электрондық пошта: 575601@mail.kz
Онлайн-көрсетілімге сілтеме: