2026 жылғы 2 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы 2 наурызды сағат 16.00-де Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 85, 4-қабат мекенжайы бойынша (бұрынғы облыстық филармония ғимараты) Қостанай облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып жүргізеді:
Отырыстың күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №266 «Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
- Қостанай облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы
- Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (су мөлшерлемелері).
- Қостанай облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін тарату және қайта құру туралы.
- Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
Қатысу үшін өтінім мына телефон бойынша: 8(7142) 542430, 542080.
e-mail: 575601@mail.kz.
Онлайн-көрсетілімге сілтеме: