Бүгін, 2025 жылғы 25 қыркүйекте ZOOM режимінде Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі: «Қостанай облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 185 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихаты шешімінің жобасын қарау.
Негізгі баяндамашы «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы И. Ш. Амирбеков облыстық бюджетке өзгерістер енгізу Бюджет кодексінде рұқсат етілген, әкімнің бастамасы бойынша жүзеге асырылатынын хабарлады.
Бұл қаражат бюджеттің бірінші кезектегі шығыстарына бағытталған:
- 2,2 млрд. теңге Қостанай ауданында Бәйтерек және Астана шағын ауданында 10 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға;
- 123,8 млн. теңге «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді аурухана» КМК сәулелік терапия аппараттарын қосу үшін электр беру желілерін салуға;
- 200,0 млн. теңге Жітіқара қаласындағы Жібек Жолы және Алтынсарин көшелері бойынша жылумен жабдықтаудың 2 жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға;
- 281,0 млн. теңге Жітіқара қаласындағы «Иловая гора» техногендік минералдық түзілімді құнарландыру қалпына келтіру (рекультивациялау) жұмыстарына;
- 333,9 млн. теңге жаңадан іске қосылған, Береке, Қонай шағын аудандарында, Рудный қаласы, сондай-ақ Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентіндегі жайлы мектептерді күтіп ұстауға;
- 36,3 млн.теңге Жангелдин ауданының жаңа шығармашылық үйіне арналған оқу жабдықтарды ұстауға және сатып алуға;
- 115,0 млн. теңге Қостанай қалалық ауруханасында КТ аппаратына рентген түтігін сатып алуға;
- 99,0 млн. теңге Әулиекөл ауданы орталық ауруханасында күрделі жөндеуді аяқтауға;
- 68,0 млн. теңге Әулиекөл ауданы орталық ауруханасын жылыту үшін 218 тонна дизель отынын сатып алуға бағытталған шығыстарды өтеуге;
– 37,0 млн. теңге облыстық полиция Департаментінің 80 автокөлігіне жанар-жағармай материалдарын сатып алумен қамтамасыз ету үшін;
– 27,5 млн. теңге Қостанай қаласында жедел басқару орталығын жабдықтандыруға;
- 129,6 млн. теңге «Мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» КММ күтіп ұстауға;
- 15,0 млн. теңге Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының терезелерін ауыстыруға және кәрізге ағымдағы жөндеу жүргізуге;
- 60,0 млн. теңге Жангелдин ауданында «Ұлы дала жорығы» бәйге марафонын өткізуге бағытталған шығындарды өтеуге;
- 4,4 млн. теңге «Мүгедектердің спорт клубы» КММ-де жаңа топ ашу және Паро-велоспортты дамыту үшін 2 тандемдік велосипед сатып алуға;
- 10,0 млн. теңге кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізуге;
- 7,9 млн. теңге Қуыршақ театрының 40 жылдығына арналған фестивальді өткізуге.
Баяндамашы отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық нақтылайтын сұрақтарына жауап берді.