2025 жылғы 25 тамызда сағат 11.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама
2025 жылғы 25 тамызда сағат 11.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы М.С.Жутаев ашып жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
- Мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілген мәслихат шешімдерінің кейбір жобаларын алдын ала қарау:
- Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
- «Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 21 маусымдағы № 65 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Мәслихаттың 2013 жылғы 28 маусымдағы № 161 «Қостанай облысын басқару кестесін бекіту және мәслихаттың кейбір шешiмдерiн жою туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін лауазымға тағайындау туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Анықтама үшін телефон: 8(7142) 542430, 542080.
Электрондық пошта: 575601@mail.kz
Онлайн-көрсетілімге сілтеме: