22 шілдеде Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары мен Рудный қалалық мәслихатының депутаттары Рудный қаласының, Қашар, Горняцкий кенттерінің және Перцев ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Махаббат Жутаев және Рудный қалалық мәслихатының төрағасы. Азамат Ысқақов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Кездесуге Рудный қаласының әкімі Ионенко Виктор Николаевич қатысты, ол құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі жағдай туралы қысқаша баяндады.
Махаббат Жутаев бастаған облыстық делегация құрамына облыстық мәслихат депутаттары Ерлан Әлкенов, Қайрат Майшев және Александра Серғазинова енді.
Кездесуге Рудный қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, әкім орынбасарлары, Горняцкий және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік және медициналық мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, білім беру, мәдениет, спорт, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер қозғалысы, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ПИТК және БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрғындар базарлардың жабылуы, абаттандыру, экологиялық жағдай, дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі туралы өзекті мәселелерді көтерді. Барлық өтініштер тіркелді, бақылауға алынды және белгіленген тәртіппен пысықталатын болады.
Депутаттар тиісті депутаттық сауалдар мен өтініштерді уәкілетті органдарға жолдайтынын хабарлады. Республикалық деңгейде шешуді талап ететін мәселелер Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен бірлесіп пысықталатын болады.