2025 жылғы 21 шілдеде Қостанай облыстық мәслихатының Жұтаев М.С. төрағалығымен кезектен тыс сессиясы өтті.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесі бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ибраева А.Е. сөз сөйлеп, Рудный қаласында 280 орындық балабақшаны қайта жаңғырту және пайдалану жөніндегі жобаның қаржыландыру мерзімдерінің ауыстырылғаны туралы баяндады.
Дәрілік заттармен қосымша қамтамасыз ету мәселесі облыс тұрғындарының өтініштері негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен көтерілді. Депутаттар орфандық және онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарды өмірлік маңызы бар дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қосымша қамтамасыз ету жөніндегі ұсынысты қолдады.