2025 жылдың 4 шілдесінде Көкшетау қаласында "Senat Open" республикалық шахмат турнирінің үшінші жартылай финалы өтті

2025 жылдың 4 шілдесінде Көкшетау қаласында "Senat Open" республикалық шахмат турнирінің үшінші жартылай финалы өтті

2025 жылдың 4 шілдесінде Көкшетау қаласында "Senat Open" республикалық шахмат турнирінің үшінші жартылай финалы өтті. Жарысқа төрт солтүстік өңірден — Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 136 қатысушы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша 29 тамызда Астанада өтетін финалға 35 қатысушы шықты. Айта кету керек, ұйымдастырушылар жүлделерді жалпы есепте ғана емес, алты арнайы номинация бойынша да марапаттар табыстады:
Ардагерлер арасында үздік-Николаев Валерий
(Қостанай облысы).
Әйелдер арасында Үздік-Жаманбалиева Рашиля
(Павлодар облысы).
Үздік депутат / мәслихат қызметкері-Жүсіпов
Мереке (Ақмола облысы).
Үздік мемлекеттік қызметші-Аракелов Андрей (Солтүстік Қазақстан облысы).
Қоғамдық кеңестің үздік мүшесі-Бақтыбаев
Баянбек (Ақмола облысы).
БАҚ - тың үздік өкілі-Костоев Башир (Павлодар облысы).

Senat open ҚР Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен өткізіледі. Турнир қоғамның әртүрлі топтары арасында шахматты насихаттауға бағытталған-оған депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысады.

Барлық финалистерді құттықтаймыз және алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!