Бүгін «Мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылындағы мәслихаттың рөлі. Қостанай қаласының даму болашағы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Іс-шара Қостанай облысының барлық аудандық және қалалық мәслихаттарының өкілдерін жинады.
Кеңес жұмысына Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов, Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабылов және Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Махаббат Жутаев қатысты.
Қатысушыларға облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, мемлекет саясатын іске асыру, сондай-ақ облысымыздың дамуының негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.