2025 жылғы 10 маусымда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің және Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында «Қостанай облысының 2024 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы» есеп тыңдалды.
Отырыс жұмысына Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қаралған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары – Г. Г. Мусагазина, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы – Д. А. Костюков сөз сөйледі.
Қоғамдық кеңес мүшелері мен депутаттар есепті талқылап, Қостанай облысы әкімдігі басқармаларының басшыларына нақтылайтын сұрақтар қойды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсынымдар қабылдады.