Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
ПРЕСС-РЕЛИЗ
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын декларациялау басталады.
01.01.2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде "активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны" (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе)дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
Егер сіз тұлғалардың жоғарыда аталған санаттарына жататын болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз не тоқтата тұрсаңыз, онда заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беруді ұсынамыз.
Сіз дара кәсіпкер немесе қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның басшысы екеніңізді немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде екеніңізді тексеру үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өту қажет www.kgd.gov.kz: https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list
ttps://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur
250. 00-Т. Мемлекеттік кірістер органдарына 15 шілдеден кешіктірілмейтін мерзімде - қағаз жеткізгіште, 15 қыркүйекте – "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасы арқылы электрондық түрде ұсынылады (cabinet.salyk.kz) немесе e-salyqazamat, egovmobile, Halyk мобильді қосымшалары.
2024 жылы 250.00 ф. ұсынылғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз.
Декларацияны уақтылы ұсынбағаны немесе мәліметтерді дұрыс көрсетпегені үшін бірінші рет ескерту қарастырылғанын қосымша хабарлаймыз. Бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда-15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.