2025 жылдың көктем-жаз кезеңінде аудан аумағында табын шегіртке
зиянкестерінің-итальяндық прустың жаппай таралуы күтілуде. Өңдеуге
арналған алдын-ала алаң 152,4 мың га құрайды. Белгілі болғандай, бұл
зиянкестер ауылшаруашылық дақылдарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
Личинка фазасындағы зиянкестер жасыл кеңістіктің барлық жер бөлігін, соның
ішінде дәнді дақылдар мен басқа дақылдардың барлық түрлерін жоя алады.
"Өсімдіктерді қорғау туралы" ҚР Заңының 20-бабы 3-тармағының 2-
тармақшасына сәйкес- табын шегіртке зиянкестеріне қарсы іс-шаралар
(итальяндық прус, азиялық шегіртке) республикалық бюджет есебінен жүзеге
асырылады.
Алайда, "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңның 11-бабына сәйкес "қолайлы
фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік
фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды
тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторинг жүргізу және зиянды
және аса қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда, олардың саны
зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары болған жағдайда
фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қажет". Жоғарыда айтылғандарға
сүйене отырып, көктемгі - жазғы кезеңде ШҚ және ЖШС басшылары өз
егістіктерінде және далаға іргелес жатқан аумақтарда итальяндық прус
личинкаларының болуына өз бетінше зерттеу жүргізуі қажет.
Пестицидтердің адам денсаулығына зиянды әсерін болдырмау және
аралар мен мал жаю үшін шекаралық - қорғау аймағын сақтау мақсатында,
табын зиянкестеріне қарсы химиялық жұмыстар жүргізу кезеңінде ауылдық
округтердің әкімдіктері мен жергілікті халыққа хабарланатын болады.
Бақылау зерттеуін жүргізу үшін табын және стадиялық емес шегіртке
зиянкестерінің текшелері немесе дернәсілдері анықталған жағдайда, бұл
ақпаратты "РФДжБӘО" РММ - басшысы А.Нурсеитов 21-3-12 телефоны немесе
Науырзым РТИ - басшысы С. Алдажуманова 21-5-19 телефоны арқылы
хабарлау қажет. Немесе осы ұйымдардың қызметкерлерінің ұялы
телефондарына.
"ҚР АШМ АӨК МИК Науырзым ААИ" ММ